Алматыда 30 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты

Алматыда 30 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты
almaty-akshamy.kz

Жеке тасымалдаушы «Мадина» ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін) Yutong маркалы газбен жүретін 30 жаңа автобус (автобустың ұзындығы – 12 метр) сатып алды. Барлық автобус төмен еденді, кондиционермен және пешпен жабдықталған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  https://t.me/almaty_akimat сілтеме жасап

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.

Жалпы, субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды.

Анықтама үшін:

Жаңа маршруттар: № 9, 43, 49, 213, 223, 230, 233, 236, 240.
Жаңартылған маршруттар: № 8, 13, 15, 17, 24, 29Р, 37, 38, 46, 47, 53, 65, 69, 88, 109, 115А, 119, 122, 125, 131, 207, 212.