Алматыда 25 ақпанда әл-Фараби даңғылында уақытша қозғалыс жабылады

Алматыда 25 ақпанда әл-Фараби даңғылында уақытша қозғалыс жабылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қалалық қысқы жарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады.

Бұл ретте әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. 

Сондай-ақ, жарысқа байланысты келесі бағыттардың қозғалысы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін уақытша өзгертіледі:

№15 - солтүстік бағытта - Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта -өзгеріссіз;

№30 - солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№31 - солтүстік бағытта - Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№ 32 – оңтүстік бағытта – Науаи көшесі - әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесі, соңғы пунктті «Орбита – 2» ш/а, кері бағытта – «Орбита ш/а» КП-дан қозғалыстың басталуы – Мұстафин көшесі-әрі қарай сызба бойынша;

№34 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі - әл – Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс - КП «Орбита - 2» ш/а, кері бағытта - КП «Орбита-2» ш/а ауданынан қозғалыстың басталуы - Мұстафин көшесі - әрі қарай сызба бойынша;

№ 38 - Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы - Достық даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№45 – Оңтүстік бағытта - Достық даңғылы - Қажымұқан көшесі - Назарбаев даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№62 - Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы - Достық даңғылы - Абай даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№63 – оңтүстік бағытта - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша;

№67 - солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№77 - солтүстік бағытта - Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№86 – оңтүстік бағытта - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№101 - солтүстік бағытта - Жароков көшесі – Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№103 - оңтүстік бағытта - Мұстафин көшесі - әл-Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс - КП-ны «Орбита-2» ш/а, кері бағытта - КП «Орбита-2» ш/а қозғалыстың басталуы – Мұстафин көшесі - әрі қарай сызба бойынша;

№116 - солтүстік бағытта – әл-Фараби даңғылы - Жароков көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№127 – оңтүстік бағытта - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Жароков көшесі - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

№135 - оңтүстік бағытта – Науаи көшесі - әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесі - КП «Орбита-2» ш/а, кері бағытта - КП «Орбита-2» ш/а қозғалыс басталады – Мұстафин көшесі - әрі қарай сызба бойынша;

№ 211 - оңтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы - Тимирязев көшесі -Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз.