Алматыда 25 ақпан күні жолдар жабылады

Алматыда 25 ақпан күні жолдар жабылады
Сурет: Almaty-marathon.kz

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 марафоны өтуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қалалық қысқы жарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады», деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.

Жарыс кезінде әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Әкімдік жарыс күні бірқатар қоғамдық көліктің де қозғалысы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін уақытша өзгертілетінін мәлімдеді.