Алматыда №142 жаңа бағыт іске қосылады

Алматыда №142 жаңа бағыт іске қосылады
Сурет: Informburo.kz

Бұл - әкімнің халықпен кездесуінің нәтижесі.

Алатау ауданы тұрғындарының қала әкімімен кездесуінде айтылған өтініштері бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ол «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы - Момышұлы көшесі - Абай даңғылы - Саин көшесі - Шаляпин көшесі - Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін - Оңғарсынова көшесімен «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігіне дейін», - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.