Алматыда 1 миллионнан астам адам вакцина алды

Алматыда 1 миллионнан астам адам вакцина алды
Сурет: Kt.kz

Қалада 137 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр

Алматы қаласында бір тәулікте 2871 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«4 қараша күні 2871 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 994, II компонентін 1877 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 қараша аралығында қалада 1 000 485 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 948 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 811 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.