Алматыда 1 028 адам коронавирустан емделіп жатыр

Алматыда 1 028 адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Ria.ru

Оның ішінде 56 бала емделіп жатыр.

Алматыда коронавирус жұқтырған 1028 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

14 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 480 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 250, келіп түскені – 75.

Инфекциялық стационарларда 1 028 адам бар (төсек-орын - 3310). Оның ішінде 56 бала емделіп жатыр.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 82 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

«Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 26 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 841 пациент бар», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 3 598 науқас, симптомсыз 243 науқас бар.