Алматы әкімі онлайн-таныстырылым өткізеді

Алматы әкімі онлайн-таныстырылым өткізеді
Сурет: 24.kz

Онлайн-таныстырылымды «Алматы» телеарнасының сайтынан және Youtube, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан көруге болады.

30 маусым күні сағат 19.00-де «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде әкім Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен жобалардың онлайн-таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онлайн-таныстырылымда мына мәселелер туралы сөз болады:


• Жол инфрақұрылымын дамыту
• Жолдарды жөндеу жұмыстары
• Жаңа көшелер құрылысы
• Жолайрықтар және магистральды көшелерді салу