Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz

3 қараша күні сағат 19.00-де Алматы қаласының солтүстік бөлігінен қар жауа бастады. 4 қараша күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша қалада 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда - 10 см, таулы аудандарда - 15 см қар жауды.

Қар жауа бастағаннан бері 185 құм шашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. 4200 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Қар тазалау, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды»тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Түнгі сағат 03.30-дан бастап қар күреу колонналары ұйымдастырылды.
Қар жинауға 517 бірлік арнайы техника, оның ішінде 173 құм шашқыш, 165 сыпырушы-жинау техникасы, 52 қар құрсаулаушы, 49 самосвал, 9 автогрейдер және 1400 жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағынан жаппай қар шығару таңертеңгі қарбалас  шақтан кейін қолға алынады.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін күндіз қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендеді, бүгін күндіз 6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы