Алматы жастары қалалық чемпионатқа қатысып, ақшалай сыйлық ұтып алды

Алматы жастары қалалық чемпионатқа қатысып, ақшалай сыйлық ұтып алды
Сурет: Ашық дереккөз

Жүлде қоры 4 150 000 теңгені құраған чемпионат

Алматыда үстел теннисі орталығында Alma CUP қалалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  халық арасында бұқаралық спортқа қатысушылар санын арттыру, спорт саласының үздік жастарын анықтау. 

8 желтоқсанда басталған чемпионатта Алматы қаласының 1000-нан астам түрлі санаттағы жастары футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт ойындары бойынша сайысқа түскен болатын. Жүлде қоры 4 150 000 теңгені құраған чемпионатта жеңімпаздар арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды. Шараны Алматы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды. 

"ALMA CUP қалалық чемпионатын ұйымдастыру барысында қаланың түрлі санатындағы жастарын қамтуға тырыстық. Сәйкесінше, чемпионатқа ЖОО, колледж студенттері, базар жастары, құрылыс, текстиль, курьерлік қызмет саласының мамандары да қатысты. Чемпионатқа жастардың қызығушылығы өте жоғары болды. Бұл қаламыздағы спортсүйер жастардың көптігін көрсетеді", - деді жоба ұйымдастырушысы Жасұлан Бостандықұлы.