Жыл басынан бері Қазақстанға 3 миллионға жуық ресейлік келген

Жыл басынан бері Қазақстанға 3 миллионға жуық ресейлік келген Сурет: Ашық дереккөз

Шетелдіктердің дені ТМД елдерінен келген.


Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2022 жылы елімізге 5 миллион 610 мың шетелдік келгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, шетелдіктердің дені ТМД елдерінен келеді.



«Бірінші орында Ресей Федерациясынан келген иммигранттар - 2 900 000. Екінші орында Өзбекстан азаматтары - 2 300 000. Қырғызстанның азаматтары - 730 000. 330 000-нан астамы - Тәжікстан азаматтары. Ал 90 000-ға жуығы - Түркия азаматы. Қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Мұның 90%-ы - осы елдерден. 6 000 000-ға жуық шетелдік елден кетті», - деді Аслан Аталықов.



Ол сонымен қатар Ресей Федерациясы азаматтарының көшіп келуінің қазіргі жағдайына тоқталды.



«Ресей Федерациясының азаматтарына келсек, бұл жерде атап өткім келеді, біріншіден, олар -  бұрынғыдай Қазақстанға жиі келетін қонақтар. Олардың негізгі ағыны жаз айларына, яғни демалыс және туристік маусымға келеді. Қазақстанға 1 200 000 ресейлік келген. Олардың ең көп саны шілде айында келген – 485 000-нан астам. Тамызда сәл аз – 400 000 адам. Ал қыркүйекте 406 000 ресейлік келген. Оның біразы белгілі себептерге байланысты 21 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін келген», - деді ол. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14