Алматы тұрғындары Finiko қаржы пирамидасына алданып қалды

Алматы тұрғындары Finiko қаржы пирамидасына алданып қалды
Сурет:Stopfake.kz

Жәбірленушілер 1,8 млн долларынан және 630 млн теңгесінен айырылған.

Алматыда The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Finiko ұйымдастырушыларының үстінен 300-ден аса адам арызданған. Шығын мөлшері 1,8 млн долларын және 630 млн теңгені құрады.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, Thefiniko – симулятор. Қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялау алаңы деп санап, ақша салған. Ал компанияның өзі әлемдік қор биржаларында тіркелмеген», - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынды. Басқаларының қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және ақшасын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

The Finiko пирамидасына алданып қалған азаматтар агенттіктің сенім телефонына – +7 7172 708 478 хабарласа алады.