«Алматы - Шымкент» пойызының екі күнгі рейстері жолға шықпайтын болды

«Алматы - Шымкент» пойызының екі күнгі рейстері жолға шықпайтын болды
Сурет: Ашық дереккөз

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құны толық қайтарылады

«Алматы – Шымкент» бағытындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының 11 қаңтар күнгі рейсі жолға шықпайтын болды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» компаниясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық себептерге байланысты «Алматы – Шымкент» бағытындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының, 2023 жылғы 10 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және биылғы 11 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілуі тиіс рейсі тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз тағайындалады. Пойыз Алматыдан 2023 жылы 10 қаңтардан, ал Шымкенттен 11 қаңтарда жолға шығады.

«Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құны толық қайтарылады. Стандартты вагондардан тұратын пойызда жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», -деп мәлімдеді ұлттық компания.