Си Цзиньпин Қазақстан Президентін «БРИКС+» саммитіне қатысуға шақырды

Си Цзиньпин Қазақстан Президентін «БРИКС+» саммитіне қатысуға шақырды
Сурет: Dalanews.kz

Президент Тоқаев саммитте бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.

Ақорда осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі. 

23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады. 

24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.