Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді
Сурет: World-nan.kz

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.

Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.