Алматы полициясы түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуді сұрайды

Алматы полициясы түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуді сұрайды
Сурет: Almaty.tv

Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады.

Алматы полициясы түкірген адамдардың фотосы мен видеосын «102» қосымшасы арқылы жіберуді сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы цифрлық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, полицияға хабарласудың баламалы тәсілдерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ енгізген «102» қосымшасы арқылы азаматтардың хабарламаларын омниканалды қабылдауды еске салды.

«Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орындарды ластау туралы иллюстрацияларды жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор бейне қоңыраулар, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады. Айта кеткен жөн, алматылықтар белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Қолжетімді байланыс арналары арқылы олар ұсақ құқықбұзушылықтар туралы хабар береді. Жыл басынан бері «102» қосымшасы арқылы азаматтар 500-ге жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – түкірген адамдар туралы. Жалпы, жыл басынан бері аталған құқықбұзушылық үшін ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы 2-бөлігі бойынша 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың жеті айында қаланы абаттандыру ережелерін бұзудың 17 152 дерегі, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішудің 11 481 дерегі, тыныштықты бұзудың 5 494 дерегі, темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 3 077 дерегі тірелді, сондай-ақ 505 ұсақ қылмыс және т.б.анықталды.

Алматы қалалық ПД Әкімшілік заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда (аумақтарда, халық үшін қолжетімді немесе ашық нысандарда), саябақтар мен алаңдардағы белгілі бір әрекеттер заңмен шектеледі және жауапкершілікке әкеп соғады.

Мысалы, ҚР ӘҚбК-нің 434-2-бабының талаптарына сәйкес, қоғамдық орындарды ластауға байланысты әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Сипаттамаларды ескере отырып, түкіру қоғамдық орындарды ластайды, сондықтан бұл әрекеттер осы құқықбұзушылықтың белгілеріне жатады.