Грант ала алмаған студенттерге көмек көрсетіледі

Грант ала алмаған студенттерге көмек көрсетіледі Сурет: 24.kz

Білім беру несиелерінің тетігі қайта іске қосылады.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі білім грантын алмаған студенттерге қосымша қаржылай қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім саласына бөлінетін гранттар саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Биылдың өзінде 88 мың білім гранты бөлінді. Дегенмен бұл жеткіліксіз.



«Біз гранттарды саралауды ұсынамыз. Мысалы, 100% емес, мысалы, 75%, 70%, 50% грант алатындай ұсынамыз. Бірлесіп қаржыландырып, ауыртпалықты жеңілдете алатын адамдарды көбейту үшін жасаймыз», – деді Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім форумы аясында.



Министрлік толық грантты (толық грант, 100% қаржыландыру) ала алмаған студенттерді қосымша қолдау шаралары туралы айтып отыр.



«Осы және алдыңғы жылдары берілген гранттар 100% қаржыландыру деңгейінде қалады. Сонымен қатар толық гранттардың жалпы саны келесі жылдарға сақталады. Оның үстіне олардың саны артады. Толық грант ала алмаған азаматтарды қолдаудың қосымша шаралары туралы айтып отырмыз. Олар әдетте ақылы оқуға барады, мұндай жастар үшін оқу құнының 75%, 50% көлемінде бірлескен қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері зерттеліп жатыр», - деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім министрі.



Сонымен қатар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мен білім беру несиелерінің тетігі қайта іске қосылады.


- Қаржы оЩЩрталығы жаңа жеңіл форматты іске қосады. Өйткені грантқа ілінбегендерге мүмкіндік беруіміз керек. Олар сонымен бірге мемлекеттік көмек пен оқу ақысын «созуға» тиіс. Бұл келесі жылы болады, - деп қосты министр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38