Алматы полициясы Мухоряповтың мәлімдемесін тексеруде

Алматы полициясы Мухоряповтың мәлімдемесін тексеруде
Сурет: Kapital.kz.

Сараптама тағайындалған.

Қазақстанның прокуратура мамандары бизнесмен Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесін полиция тексеріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты журналистердің сауалына жауап берген.

"Қазір, менің білуімше, Алматы қалалық ІІД тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", – деді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетсек, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген ресейліктермен кездесуінде қазақ тілі туралы жағымсыз пікір айтып, елдің ашу-ызасына тиген еді. Нәтижесінде көптеген қазақстандықтар оған қатысы бар компаниялардың қызметін пайдаланудан бас тартты. Қоғам белсенділері оны жазалауды талап етті.