Алматы полицейлері нашақорлыққа қарсы науқан өткізді

Алматы полицейлері  нашақорлыққа қарсы науқан өткізді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда «Наркостоптың» жас еріктілері кинолог-полицейлердің жұмысымен танысты.

ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында “Наркостоп” еріктілер лигасына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Белсенді азаматтық ұстанымы бар ұл-қыздарға қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы және оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді. Еріктілер кинолог-полицейлердің жұмысымен танысуға және арнайы қорғаныс жеңін киіп, із кесушілерді оқытуға жеке қатысуға мүмкіндік алды. Қонақтардың бірі қаскөйдің рөлін жақсы сомдады, оны төрт аяқты тәртіп сақшылары ұстады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 30 адам қатысқан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.