Алматы полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты

Алматы полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция қызметкерлері қала дүкендерінде жасалған екі ұрлықтың бетін ашты.

Бірінші жағдайда қаскөй спорт дүкенінен кроссовкаларды ұрлап кеткен. Тағы бірінде – жеңіл ақшаға құмар адам 45 мың теңгенің тұтыну тауарларын қолды қылған. Екі қылмыс та бейнебақылау камераларына жазылып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 1969 жылы туған Ц.есімді азамат және 1986 жылғы К.есімді азамат ұсталды. Екі айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.