Алматы полицейлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады

Алматы полицейлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 30 жастағы азамат шетелде тіркелген көлікті заңдастыруға жалған уәде берген.

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ж.есімді азамат алдау және сенімге қиянат жасау арқылы шетелдік автокөліктердің құжаттарын заңдастырамыз деген желеумен сенгіш азаматтардан алдын ала төлем алған. Мәселен, жәбірленушілердің бірі күдіктіге құжат рәсімдеу үшін 800 мың теңге берген. Күдіктінің осы уақытқа дейін төрт қала тұрғынын алдағаны белгілі болды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Тергеу кезінде алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырғанын анықтады», – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Қазіргі уақытта іс жүргізудің толықтығын қамтамасыз етуге және шындықты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмысқа  қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.