Ақ ұлпа - жердің ажары

Ақ ұлпа - жердің ажары
Сурет: Оptimism.kz

Ақ ұлпаның пайдасы неде?

Қар туралы көп айтуға болады. Мұның пайдасы қыр-сыры жайында таңды-таңға ұрып айта беруге болады. Биыл Алматыға қыс кештеу келді. Негізі бұған дейін де қар түскен. Десе де, жылдағыдан өзгерек болуда.

Аппақ ақ ұлпа көңіл сергітеді. Бүгін ерекше күн. Айналаны ақ ұлпа басты. Ерекше кейіпке енген ағаштар. Осының арасымен серуендеу, әркімнің қиялын дамытары сөзсіз. Балалар ойнап, қыз-жігіттер бірін-бірі қармен атқылап әлек.

Абай атамыз  «Қыс» туралы өлеңі ойға оралып тұр. Сонда:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды, - деп қыс мезгіліне өлең арнапты.

Метеорология ілімінде қарға біршама түсінік береді. Атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 – 0,2 мм) криссталдар үлкейіп Қар жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы  қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қар (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда Қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады.

Біздің қазақ жерінің атмосфералық жағдайы әртүрлі. Бір-біріне аса қатты ұқсамайды дей аламыз. Солтүстікте 6-7 м шамасында қар жамылғысы жатады. Ал соған керісінше жағдай оңтүстік аймақта байқалады. Мұнда 2-3 айдан аспайды. Тіпті бұдан біршама аз болуы да ықтимал. Кең-байтақ даламыз осындай ғажайыптармен ерекшеленеді. Қансонар болып, бүркіт салады. Бұл да болса, көшпенді халықтың айрықша өнеріне жатады.

Түйін. Бабаларымыз «Қыста қар қалың түссе, жазда егін мол болады» дейтін. Қандай данышпан адамдар өткен десеңізші? Бұның растығын бүгінгі ғылым дәлелдеп жатыр. Түйіндегенде, ақ ұлпаның пайдасы зор, берер әсері мол.