Алматы оқушыларына тыйым салынған сайттар тізімі жасалады

Алматы оқушыларына тыйым салынған сайттар тізімі жасалады
Сурет: Tengrinews.kz

Авторлар бұл жоба оқушылардың қажетсіз сайттарды көруін азайтатынына сенімді.

Алматыда оқушыларға тыйым салынған сайттардың "қара тізімі" жасалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде оқушылар порнографиялық бейнероликтерді көрді деген видео тараған болатын.

"Биліктің қажетсіз сайттарды бұғаттау бойынша қабылдаған шараларына қарамастан, күн сайын жаңалары пайда болады", - деп түсіндірді ведомство.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша білім басқармасы бұйрық қабылдады. Оған сәйкес, "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы" осындай сайттардың "қара тізімін" қадағалап, қалыптастыруға міндеттелді.