Алматы облысында төрт мыңға жуық мектеп оқушысы карантинге жіберілді

Алматы облысында төрт мыңға жуық мектеп оқушысы карантинге жіберілді
Сурет: Russian.rt.com

Облыс COVID-19 таралу жылдамдығы бойынша «сары» аймақта тұр.

Алматы облысында 216 сыныптың оқушысы коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылғы 1 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Алматы облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1369 жағдайы тіркелді, оның ішінде 215 - жазғы демалыс, 1123 - офлайн оқыту, 31 - онлайн оқыту кезінде тіркелген. Бүгінгі таңда облыста 216 сыныптың 3996 оқушысы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды», - деп хабарлады облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.