Алматы облысында көлбеу ағын жүріп өтті

Алматы облысында көлбеу ағын жүріп өтті
сурет: Алматы облысы ТЖД

2021 жылғы 15 тамызда шамамен сағат 14.30-да Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында қатты, қысқа мерзімді жаңбыр түріндегі жауын-шашынның нәтижесінде Жоламан ауылының шетіндегі бірнеше көшелер мен автожолдар бойымен қарқынды көлбеу ағын жүріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлбеу ағыстың салдарынан зардап шеккендер және қираулар жоқ. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеді, жағдай тұрақтанды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 15-16 тамызда Алматы облысының тауларында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деген болжамға байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және көлбеу ағындардың қалыптасуы күтіліп отырғаны туралы SMS-хабарлама, "Дәрмен" мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ БАҚ арқылы дауылды ескерту таратқан болатын.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуды ұсынады.