Алматы облысы тұрғындарының жартысына жуығы екпе салдырған

Алматы облысы тұрғындарының жартысына жуығы екпе салдырған
Сурет: Еtu.ru

Облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 513 109 адам алған.

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл көрсеткіш осы өңірдегі жұртшылықтың 42%-ын құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталмыш басқарманың болжауынша, қыркүйек айының соңына дейін жетісулықтардың 60%-ы екпе алады. Вакцина алу – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы. Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлауда, облыс «қызыл» аймақта тұр.

«2020 жылдың наурыз айынан бері өңірде коронавирустың 29 872 расталған көрсеткіші тіркелген. Олардың 19 167-сі – симптоммен. Соңғы аптада Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында өсім қарқыны байқалуда. Соңғы тәулікте 178 КВИ жағдайы тіркелген. «Дельта» штамы екі адамнан анықталды», - деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.