Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Қаланың 313 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өтті. Биылғы жылы мектептерді 14 мыңнан астам түлек бітірді, оның ішінде 424 оқушы «Алтын белгіге», 975 оқушы үздік аттестатқа үміткер, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Биыл 5 маусым мен 30 тамыз аралығында оқушыларға қосымша білім беру ұйымдастырылады. Білім беру сапасын арттыру мақсатында секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек топтары, экскурсиялар және т.б. шаралар қарастырылған.

9, 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, 11-сыныптарда 5-19 маусым аралығында. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша емтиханды ауызша тапсырады.

Еске салсақ, ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Екі мүмкіндікте де бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 18 мамырдан басталып, 5 шілдеде аяқталады.