Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Cурет: Inform.kz

Магнитудасы: 3,9. Тереңдігі: 5 км.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі таратқан мәлімет бойынша бүгін Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі хабарлағандай, 11 қыркүйек күні 12 сағат 51 минут 54 секундта жер сілкінісі тіркелді. 
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 640 шақырым жерде Қазақстанда орналасқан. Магнитудасы: 3,9. Тереңдігі: 5 км.