Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Ашық дереккөз

Магнитудасы 4,6 балл

Сағат 17:07-де ҚР ТЖМ " СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 772 км жерде, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан. 

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 37.46° С. Е. 71.80° Ш. Б. тереңдігі 20 км", - делінген хабарламада.