Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Сурет: 24.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 00:03-те жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 298 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Энергетикалық класы – 9.4.

MPV магнитудасы – 4.1.

Эпицентр координаттары – 44.44° с.е. 80.20° ш.б.

Тереңдігі –15 км.

Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.