Алматы маңында тағы жер сілкінді

Алматы маңында тағы жер сілкінді
Сурет: Inbusiness.kz

Соңғы кездері жер сілкінісі жиілеп кетті.

1 наурызда Алматыдан 444 шақырым қашықтықта жер сілкінді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған Қазақстанның сейсмологиялық қызметінің сайтында: «2022 жылдың 1 наурызында Алматы уақытымен сағат 01.54-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 444 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 444 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,8-ге жетсе, магнитудасы – 4,7. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - деп жазылған.