Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар ұшағы Алматыға келді

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар ұшағы Алматыға келді
Сурет: Biletik.aero

Алматы әкімдігі жолаушыларды күніне үш мезгіл тамақтанатын ыңғайлы қонақ үйге жеткізіп, орналастыруды ұйымдастырды.

Ұшақ Польшаның Катовице қаласынан ұшып шыққан болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кеше түнгі 22 сағат 35 минутта Алматының халықаралық әуежайына Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағымен ұшып  келді.

Әуежайда қажет болған жағдайда келген жолаушыларға жедел көмек көрсету үшін медициналық мамандар кезекшілік етті.

Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды күніне үш мезгіл тамақтанатын ыңғайлы қонақ үйге жеткізіп, орналастыруды ұйымдастырды. Алматыға келгендердің барлығына  уақытылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын. 

Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан тағы да бір репатриациялық рейс келеді деп күтілуде.