Алматы - Қонаев арасында поезд жүре бастады

Алматы - Қонаев арасында поезд жүре бастады
Сурет: Inbusiness.kz

Жол жүру уақыты – 1 сағат, 17 минут.

11 қарашадан бастап Қонаев-Алматы бағыты бойынша № 6906/6907 пойызды жолға шыға бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді.

Бұл бағытты қаржыландыру ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізілуде.