Алматы хайуанаттар бағы жаңа мекендеушілермен толықты

Алматы хайуанаттар бағы жаңа мекендеушілермен толықты
pxhere.com

Ақ аю, зебралар, шимпанзе, амур жолбарыстары және қар барысы

Алматы хайуанаттар бағы директорының ветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев ӨКҚ брифингінде 2023 жылдың басынан бергі  маңызды оқиғалар туралы айтып берді.

«Биылғы жылы өтеусіз негізде біздің хайуанаттар бағына Пурга есімді ұрғашы ақ аю берілді, сондай - ақ бізге грана зебрасының үшеуі, шимпанзе мен Амур жолбарысы және қар барысы келді», - деді А.Әжібаев. Қазіргі уақытта 33 төл алынды, оның ішінде 4-еуі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардан».

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 18 жылда бегемот төлдеді. Сондай-ақ хайуанаттар бағының жалпы тарихында алғаш рет шығыс колобустан ұрпақ алды. 2020 жылдан бастап хайуанаттар бағы жыл сайын қарақұстардае балапан алып отыр.

Сонымен қатар, хайуанаттар бағында 9 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған зоомектеп өз жұмысын жалғастыруда, оған 80 оқушы қатысады. Биыл 658 адамға 35 экскурсия, сондай-ақ 700 балаға арналып  Almaty creative HUB-та 20 көшпелі дәріс өткізілді.

Жетістіктер қатарында оқушылар арасында хайуанаттар бағының туған күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп өткізілген зоо олимпиада бар. Жақында ЕАРАЗА жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға әлемнің 19 елінен 160 хайуанаттар бағының мамандары қатысты.