Алматының Жетісу ауданында кей ғимараттарда ыстық су бір күнге ажыратылады

Алматының Жетісу ауданында кей ғимараттарда  ыстық су бір күнге ажыратылады
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Алматы жылу жүйесі хабарлады. 

 «2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданының аумағындағы Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3, Айнабұлақ-4 және Көкмайса шағын аудандарындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су болмайды», - делінген хабарламада. 

Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі.

Алматы жылу жүйесі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.