Түркістан облысында каналға құлап кеткен 2 жасар бала құтқарылды

Түркістан облысында каналға құлап кеткен 2 жасар бала құтқарылды
Cурет: Ашық дереккөз

Ол каналдың құбырына тұрып қалып, тұншығып қала жаздаған

Түркістан облысының Кентау қаласында каналға құлап кеткен екі жасар бүлдіршін құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Департамент мәліметінше, оқыс оқиға 30 сәуір күні кешкі сағат 19:47 шамасында болған. Ол каналдың құбырына тұрып қалып, тұншығып қала жаздаған.

«Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника шыққан. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шыққан. Сөйтіп жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.