Ерболат Досаев Алматы қаласын дамытудың 7 негізгі мақсатын атады

Ерболат Досаев Алматы қаласын дамытудың 7 негізгі мақсатын атады
Суретті түсірген - Д.Исаев

Даму бағдарламасымен Алматы әкімдігінің қызметкерлері және түрлі қызмет салаларының 130-дан астам сарапшысы 5 ай бойы жұмыс істеді.  

Бүгін мен және менің әріптестерім сіздерге бірлескен, тынымсыз еңбегіміздің нәтижесін – «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .

Бағдарламада - қазіргі стратегиялық жоспарлар мен халықаралық тәжірибе, оның ішінде әлемдік мегаполистерді дамытудың басты трендтері мен принциптері зерделенді, сын-қатерлер ескерілген, қала тіршілігінің барлық салаларындағы жағдайға талдау жасалып, тұрғындардың мыңдаған өтініштері қаралды. Нәтижесінде Алматы қаласының әкімдігі мен сарапшылар Даму бағдарламасының негізгі мақсаттарын айқындады, бұл –  жайлы қалалық орта құру және Алматының барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту.

Құжатта сарапшылардың кәсіби пікірлері, қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері ескерілген қаланың қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған даму пайымын қамтылған. Алматы тұрғындарының арасында Даму бағдарламасының негізгі басымдықтарын қоғамдық талқылау биыл шілде айында өтті, онда тұрғындар 1280 пікір жіберіп, өз келісімдерін берді. Мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескерілді. Нәтижесінде Алматының жүздеген жанашыр тұрғындары Даму бағдарламасының авторларына айналып, қаламыздың барынша жайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыдан дамыған және жасыл қалаға айналуы үшін нақты іс-қимыл жоспарын ұсынды.

Алдын ала бағалау бойынша, Бағдарламаны іске асырудың жалпы сомасы 6,1 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте тартылған жеке инвестициялардың басым бөлігін немесе 55%-дан астамын құрайды - олардың ішінде таяудағы үш жылда 1,3 трлн теңге тарту жоспарланып отыр, ал қалған 2 трлн теңгеден астамы – орта мерзімді перспективада 2030 жылға дейін.

2021-2025 жылдарға арналған  Дамудың жаңа бағдарламасы бұл қала тұрғындары үшін түсінікті, заманауи талаптар мен міндеттерге жауап беретін құжат. Бұл ретте, қолданыстағы даму жоспары орталық мемлекеттік органдармен келісім бойынша жаңа даму бағдарламасына түзетілетін болады және нәтижесінде жаңа сапалы және өзектендірілген мазмұнға ие болады.

Даму бағдарламасы  7 негізгі мақсатқа негізделген. Олар: «Жайлы қалалық орта», «Орнықты экономикалық өсім», «Басқарылатын урбандалу», «Әлеуметтік орнықтылық және тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Ақылды қала және қауіпсіз қала. Қаланың барлық аудандарындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту Даму бағдарламасының нәтижесі мен тиімділігінің басты критерийі болмақ.

Алматы 2030 жылға дейін the Global Livеability Index TOP-70 индексіне кіруге талпынады. Бұл қалалардың жайлылық деңгейінің интегралды индексі, мұнда тұрғындардың өздері қаладағы өмір сүру жайлылығын 30-дан астам көрсеткіш бойынша бағалайды.

Қойылған міндеттерді жоспарлы және кешенді іске асыру үшін жекелеген іс-қимыл жоспарлары қабылданады, жол карталары әзірленеді және жобалық офистер құрылады.