Алматы қаласында Шагабутдинов көшесінің бір учаскесінің жол қозғалысына шектеу қойылады 

Алматы қаласында Шагабутдинов көшесінің бір учаскесінің жол қозғалысына шектеу қойылады 
Twitter

Құрманғазы көшесінен Шевченко көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады

2022 жылдың 10-20 маусым аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Шагабутдинов көшесі бойынша Құрманғазы көшесінен Шевченко көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. 

Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырды ауыстыруға байланысты енгізіледі.

Жұмыс жүргізу барысында тұрғындарға ыстық су беру сақталады. 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруыңызды сұраймыз. 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШ