Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі

Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі
almaty-akshamy.kz

15 маусым сағат 22.00-ден 16 маусым сағат 10.00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылында, Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Аталған көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС