Қазақстанда арақ пен коньяктың ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленді

Қазақстанда арақ пен коньяктың ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленді
Сурет: ашық дереккөз

Алкогольдік ішімдіктердің литрі 2100 теңге болып бекітілді.

12 маусымда «Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» қаулысы бекітілді. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Осылайша, ең төменгі бөлшек бағалар белгіленді.

«Арақтар мен арнайы арақтар, шығу жері қорғалған белгісі бар арақтар, күшті алкогольдік ішімдіктердің литрі 2100 теңге мөлшерінде, коньяк пен бренди литріне 3110 теңге бекітілді» – делінген хабарламада.

Жарлық 2023 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазір арақ пен ерекше арақтың, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтың, күшті ликер-арақ өнімдерінің бағасы литріне 1980 теңгені құрайды. Ал 1 қазаннан бастап литрінің бағасы 2100 теңге болады. Коньяк пен брендидің ең төменгі құны әзірге литріне 2930 теңге деңгейінде сақталады, ал қазан айынан бастап литріне 3110 теңгеге дейін өседі.