Екібастұзға апаттық жөндеу бригадаларына көмекке барып жатқандар баршылық

Екібастұзға апаттық жөндеу бригадаларына көмекке барып жатқандар баршылық
Сурет: Ortcom.kz

Бүгін тағы 200-ден аса адам қосылып, жұмыс істеп жатқандардың саны 850-ден асты.

Шаһардың орталық жылу желісі тұтастай іске қосылды. Ендігі жұмыс үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, пәтер ішінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жөндеу бригадаларының бірін Әбілсейіт Әбубәкіров басқарады. Оның қарамағындағы 34 адам 3 топқа бөлінген. Олар қатып қалған құбырларды қыздырып, жарылған батареяларды алмастыруға жәрдемдесіп жүр. Бригада соңғы пәтерге жылу берілгенге дейін кеншілер қаласында болмақ.

 «Әрине, аяғына дейін боламыз. Мына жұмыстарды бітірмей, біз ешқайда кетпейміз. Суды, жылуды беріп, халықпен бірге осындамыз. Біз бұнда 29 қарашадан бері жүрміз», - дейді жөндеу бригадасының жетекшісі Әбілсейіт Әбубәкіров.