Алматы қала күнін қалай қарсы алады

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Биыл салтанатты мерекелер 17 қыркүйекте Абай атындағы алаңда өтеді. Қаланың басты әрі қызықты оқиғасы туралы айтамыз.
17 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді. Фестиваль бағдарламасында алма базары, мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік шоу-бағдарламалар жоспарланған.
17 қыркүйек күні сағат 15:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді.
17 қыркүйек күні сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өтеді.