Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашева: Қиындыққа бой бермейік!

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашева: Қиындыққа бой бермейік!
Сурет: Tengrinews.kz

Қалалық мәслихаттың депутаты, зейнеткер-ұстаз Рахат Шимашева  жерлестерін мойымауға шақырады.

Құрметті қазақстандықтар, алдымен ереуіл кезінде қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтамын. Сіздерге қанша жұбату сөз айтсам да, жаныңыздың дертіне дәру таба алмайтыным өкінішті, сол себепті Алланың сынағына берік, сабырлы болуларыңызды тілеймін.

Еліміздің басына түскен қиындыққа бой бермей, бірге еңсеруімізді нәсіп етсін! Әсем қаламыздың қазіргі жағдайы әрбіріміздің жүрегімізді ауыртып отыр. Барлық ана, отбасы өз баласын амандықпен тағатсыздана күтуде. Барлығымыз аман-есен болайық, балаларымыз аман болсын!

Қаламызды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай ауыр күндері халыққа қолдау көрсеткен Президентіміздің даналығы мен саясатына қолдау білдіреміз және қалалық мәслихатпен бірге жұмысымызды әрі қарай белсенді түрде жалғастырамыз. Жоспарға сәйкес азаматтарды қабылдау, тұрақты комиссияның жұмыстарына аса зейін қоямыз.

Еліміз аман болсын! Біз халықпен біргеміз! Күшіміз - бірлікте!