Алмалы ауданында оқ-дәрі салынған қапшық табылды

Алмалы ауданында оқ-дәрі салынған қапшық табылды

Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан сауда бутигінде оқ-дәрілер салынған қапшық табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаментінде хабарлағандай, бутикке жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан жасыл қапшық тауып алған.

«Аталған үй-жайдың артқы есігі бар. Жөндеу жұмыстары кезінде ол ашылды, мұнда көшеден еркін кіруге болады. Қапшық заттарға толы екен. Полицейлер винтовкалар мен тегіс ұңғылы қаруларға арналған әртүрлі калибрлі бірнеше ондаған патрондарды тәркіледі.

Сондай-ақ, мұнда жоғары қабатта хостел орналасқан. Осында келген қонақтардың бірі бұл қапшықты арнайы жасырған деп болжауға болады.

Бұл оқ-дәрілер табылғаннан кейін басталған тергеу барысында анық белгілі болады», - деді полиция департаментінде.