Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады

Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

4 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген.

Осылайша, 857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Алдағы уақытта борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.