Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды

Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды
olympic.kz

Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңі аяқталып, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-ші орын алды. Осылайша, жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді. 

Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секунд ұтылды.