Александр Бублик Жаңа Зеландиядағы жарыста бақ сынайды

Александр Бублик Жаңа Зеландиядағы жарыста бақ сынайды
сурет:olympic.kz

Қазақстандық теннисші 9 қаңтарда бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік байқасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Окленд (Жаңа Зеландияя) АТР 250 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші 9 қаңтар күні алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 53-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік байқасады. А. Бублик сонымен қатар, аустралиялық Джон Смитпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.

Жарыс 14 қаңтар күні мәреге жетеді. Бұл 16 қаңтар күні басталатын Аустралия ашық чемпионаты алдындағы соңғы дайындық болмақ.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 додасында жекелей сында рейтингіде 8-сатыдағы ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі. Елена жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ойнайды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаидада жарыстың көшбасшысы болып тіркелген чехиялық Барбора Крейчикова - аустралиялық Сторм Хантермен өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстанның басқа да теннисшілері алдағы аптада бақ сынамақшы.