Иранда тағы екі адам дарға асылды

Иранда тағы екі адам дарға асылды сурет:azattyq

Жазаланған екі адамға «Басидж» қызметкерлерін өлтірді деген айып тағылған.


Иранда 2023 жылы 7 қаңтарда былтыр қыркүйекте басталған наразылыққа қатысқан екі адам дарға асылды деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.


CNN телеарнасы наразылыққа қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер саны төртеу болғанын жазды.


22 жастағы Мұхаммад Мехди Карамиге және 39 жастағы Мұхаммад Хуссейниге "Басидж" қызметкерлерін өлтірді деп айып тағылған. Бұл іс бойынша тағы үш адам өлім жазасына кесіліп, 11 адам түрмеге отырғызылған.


Amnesty International жазуынша, айыпталушыларды күшпен мойындатқан. Хуссейнидің адвокаты желтоқсанда өзі қорғап отырған азаматтың аяусыз азапталғанын, күшпен мойындату заңсыз екенін мәлімдеген. 


Ал Иран билігі күшпен мойындатқанын жоққа шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36