Алматы облысының полициясы дәмханаға келушілердің жаппай улануын тексеріп жатыр

Алматы облысының полициясы дәмханаға келушілердің жаппай улануын тексеріп жатыр
Сурет: ҚазТАГ

Ауруханаға медициналық көмек алу үшін 18 азамат жүгінген.

Алматы облысының полициясы дәмханаға келушілердің жаппай улануын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«30 қаңтарда адамдардың жаппай улану фактісі бойынша ҚР ҚК 304-бабы (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тексеру барысында зардап шеккендердің «Бесағаш» кентінде орналасқан кафелердің бірінде тамақ ішкеннен кейін денсаулық жағдайына шағым түскені анықталды», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, ауруханаға медициналық көмек алу үшін 18 азамат жүгінген, олардың арасында жас балалар да бар.


«Аталған факт бойынша қажетті азық-түлік тәркіленіп, сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің жағдайы туралы шағымдар аталған кафеден донер кебабты жегеннен кейін басталды.