Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің екінші кезеңіне өтті

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің екінші кезеңіне өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Ол үш сетте француз Артур Риндеркнештен басым түсті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әйгілі «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол үш сетте француз Артур Риндеркнештен басым түсті - 6:2, 6:4, 6:4.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді 6:3, 7:5, 6:3 есебімен жеңген серб Миомир Кечманович болмақ.