Алдағы жылы мал дәрігерлерінің жалақысы өседі

Алдағы жылы мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Сурет: Inbusiness.kz

Отандық ветеринария жүйесі қалай реформаланады?

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша алға қойған міндеттері аясында ағымдағы кезеңнің бірқатар негізгі және өзекті мәселелерін шешу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Министр ветеринария жүйесін реформалау қолға алынғанын айтты. 

«Бүгінгі таңда біз осы жүйенің қазіргі жағдайын мұқият талдадық, проблемалық мәселелер мен олардың пайда болу себептерін анықтадық. Осы негізде оларды шешудің тәсілдері әзірленді. Атап айтқанда, енді ветеринария жүйесіндегі барлық бақылау-қадағалау функциялары бір ведомствода, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінде шоғырландырылатын болады»,- деп хабарлады Ербол Қарашөкеев.

АШМ басшысы жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері тек атқарушылық функцияларды орындайтынын айтты.

«Екіншіден, келесі жылдан бастап практикалық мал дәрігерлерінің жалақысы орта есеппен 68%-ға өседі», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.